«QazMed» РҚБ ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Көктем» (Алматы қ.), «Мойылды» (Павлодар обл.), «Щучинский», «Сосновый Бор» (Ақмола обл.), «Манкент» (Шымкент қ.), «Мерке Radon» (Жамбыл обл.), «Жаңақорған» (Қызылорда обл.), «Ақжайық» (БҚО) санаторийлерімен шарттары бар. Аталған санаторийлер «QazMed» РҚБ кәсіподақ мүшелеріне жолдама құнынан 15%-ға дейін (жол шығынын есептемегенде) жеңілдік ұсынады. Сондай-ақ, басқа да сауықтыру орындары мен демалыс үйлерімен келісімшарт жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жеке өтінімдері бойынша Қазақстан мен шетелге (Өзбекстан, Қырғызстан) экскурсиялық турлар ұйымдастырылып, олар бірлескен қаржыландыру негізінде жүзеге асырылады.
"QazMed" РҚБ қандай санаторийлер ұсына алады?