Төраға
ЖАҚСЫКЕЛДІНОВ БАХТИЯР УАЛИХАНҰЛЫ
Жақсыкелдінов Бахтияр Уалиханұлы 1985 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында туған.
2013 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2006 жылдан бастады. Әр жылдары «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» мемлекеттік мекемесінде кеңесші, бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Алматы облыстық филиалына жетекшілік еткен. «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалында еңбек етіп, кәсіподақ жұмысын жан-жақты пысықтаған. Қазіргі таңда «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігін құрып, жылдар бойы жинаған тәжірибесін еңбек ұжымдарының игілігіне жұмсауда.