Медицина және фармацевтика қызметкерлері заңмен қорғалған.
2020 жылдан бері Кодекске енгізілген 80-1-бап 2024 жылы жаңартылды.
1-бөлім. Кәсіби қызметке кедергі келтіру:
— Заңсыз әрекеттерді талап ету
— Қызметіне жатпайтын жұмыстарға тарту
— Артық есеп талап ету
— Өз қаражатына тауар не қызмет сатып алуға міндеттеу
Жаза түрлері:
▪️ жеке тұлғаларға — 30 АЕК
▪️ лауазымды тұлғаларға — 50 АЕК
▪️ заңды тұлғаларға — 100 АЕК
2-бөлім. Қызмет бабында тұрған медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту:
— Балағат сөздер, әдепсіз ишаралар, тиісе сөйлеу
— БАҚ пен әлеуметтік желілерде де көрсетілген әрекеттер
Жаза түрлері:
▪️ 30 АЕК айыппұл немесе
▪️ 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау
Жыл ішінде қайталанса:
1-бөлім бойынша — 150 АЕК-ке дейін айыппұл
2-бөлім бойынша — 15 тәулікке дейін қамау
⚠️ Егер қамауға алуға болмайтын тұлғаларға (мысалы, жүкті әйелдер, мүгедектер және т.б.) қатысты болса — 70 АЕК айыппұл салынады.
⚕️⚕️ Медицина қызметкерлері қысым мен қорлауға төзуге міндетті емес!
Осындай жағдайға тап болсаңыз — "QazMed" салалық кәсіподағына және (немесе) еңбек инспекциясына хабарласыңыз.
"QazMed" әрдайым қастарыңызда!