Азаматтық қызметшілердің сауықтыру жәрдемақысын алу құқығы ҚР Еңбек кодексінде көзделген, онда 139-баптың 10-тармағына сәйкес: «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын азаматтық қызметшілерге ұзақтығы кемінде отыз күнтізбелік күнді құрайтын негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі және лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді». Осыған ұқсас құқықтық норма Салалық келісімде де қарастырылған, бірақ ол қолданыстағы кез келген салалық кәсіподақтың мүшесі болып табылатын басқа санаттағы жалдамалы қызметкерлерге де қатысты.
Қызметкер бір кәсіподақ ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру төлемдерінен айырылуы мүмкін бе?