Жоқ, өйткені Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ЗРК «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 4-бабында (Кәсіптік одақтар құру еркіндігі) келесідей айтылған:
- Кәсіптік одақтар олардың мүшелерінің тең құқықтылығы негізінде құрылады. Бір сала немесе ұйым аясында құрылатын кәсіптік одақтардың саны шектелмейді.
- Барлық кәсіптік одақтарға тең заңдық мүмкіндіктер беріледі.
- Кәсіптік одақ құруға кедергі жасау, оның қызметіне қарсы әрекет ету, сондай-ақ оның ісіне заңсыз араласуға жол берілмейді.