Наверх
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Мақсаттар мен миссиялар
    • Біздің тарихымыз
    • QazMed РОО жарғысы
    • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
    • Басқару органдары
    • Тексеру комиссиясы туралы ереже
    • Бастауыш ұйым туралы ереже
    • Басшылық
    • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Құқықтық ақпарат
    • Қазақстан Республикасының Конституциясы
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
    • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау кодексі
    • «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
    • Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары
    • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы
    • Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңы
    • ҚР ӘҚБтК 80-1-бабы: дәрігерге жұмыс істеуге кедергі келтірме!
    • Қорлау – қалыпты жағдай емес!
  • Қосылу
  • БАҚ
    • Жаңалықтар
    • Баспасөз хабарламалары
    • Сөйлеген сөздер
    • Біз туралы БАҚ
    • Фотогалерея
  • Құрылым
    • «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі
    • Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы
    • «СЕНІМ» жергілікті кәсіподақ» ҚБ
    • «Almaty-QM» Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ
    • «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ
    • «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
    • «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
  • Байланыстар
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Мақсаттар мен миссиялар
    • Біздің тарихымыз
    • QazMed РОО жарғысы
    • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
    • Басқару органдары
    • Тексеру комиссиясы туралы ереже
    • Бастауыш ұйым туралы ереже
    • Басшылық
    • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Құқықтық ақпарат
    • Қазақстан Республикасының Конституциясы
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
    • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау кодексі
    • «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
    • Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары
    • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы
    • Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңы
    • ҚР ӘҚБтК 80-1-бабы: дәрігерге жұмыс істеуге кедергі келтірме!
    • Қорлау – қалыпты жағдай емес!
  • Қосылу
  • БАҚ
    • Жаңалықтар
    • Баспасөз хабарламалары
    • Сөйлеген сөздер
    • Біз туралы БАҚ
    • Фотогалерея
  • Құрылым
    • «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі
    • Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы
    • «СЕНІМ» жергілікті кәсіподақ» ҚБ
    • «Almaty-QM» Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ
    • «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ
    • «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
    • «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
  • Байланыстар
  1. Басты
  2. Біз туралы
  3. Жұмыс бағыттары
  4. Оқыту

Пациентпен жанжал туындаған жағдайда: медицина қызметкері өз құқығын қалай қорғай алады?

Толығырық
Автор: Игорь Хисматулин
Категория: Оқыту
Жарияланды: «13 «тамыз» 2026»
Көру саны: 102
  • Путь до галереи: /news/13-08-2026/2

29 шілде және 6 тамыз күндері «QazMed» салалық кәсіподағы кәсіподақ мүшелеріне арналған «Жанжал жағдайындағы пациентпен жұмыс істеу» тақырыбында онлайн оқыту семинарын өткізді.

Семинар спикері – «Медицинское право» ЖШС басшысы, құқық магистрі, Қазақстан Республикасы Заң консультанттары палатасының мүшесі, «QazMed» кәсіподағының серіктесі Алексей Алексеевич Жирков.

Онлайн семинарға еліміздің өңірлері мен елордасынан 200-ден астам денсаулық сақтау қызметкері – дәрігерлер, медициналық ұйымдардың заңгерлері және кәсіподақ көшбасшылары қатысты.

Оқыту барысында қатысушылар күнделікті жұмыс тәжірибесінде кездесетін нақты жағдайларға негізделген практикалық кеңестер мен іс-әрекет алгоритмдерін алды. Атап айтқанда, мына мәселелер қарастырылды:

  • пациентпен жанжал туындаған кезде дұрыс әрекет ету және жағдайдың ушығуына жол бермеу;
  • медицина қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • құқықтық қорғау үшін қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеу;
  • пациенттердің шағымдарына сауатты әрі заң талаптарына сәйкес жауап беру;
  • қандай жағдайларда пациентті қабылдауды басқа уақытқа ауыстыруға болатыны;
  • медициналық көмек көрсетуден ақпараттандырылған бас тартуды рәсімдеу тәртібі;
  • аудио және бейнежазба жасау, материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау және дербес деректерді тарату кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары.

Семинар барысында маңызды мәселеге ерекше назар аударылды: медицина қызметкерінің ең тиімді құқықтық қорғанысы сотта емес, пациентпен қарым-қатынас орнатқан алғашқы сәттен басталады. Сабырлы қарым-қатынас, өз құқықтары мен заң талаптарын білу, сондай-ақ медициналық құжаттаманы дұрыс рәсімдеу көптеген даулы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар семинардың практикалық маңызын, материалдың түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынылғанын және берілген ұсынымдардың күнделікті кәсіби қызметте қолдануға болатындығын атап өтті.

Осындай оқыту семинарларын өткізу – денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және кәсіби сенімділігін нығайтуға бағытталған «QazMed» кәсіподағы қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

 

https://www.facebook.com/qazmed.kz/posts/pfbid0q13A133MXg1tZ88LT3BCAFDmXwzXNZeS7ghY4fKnrw5aJgwL99aNSy7iv4Li8Qtvl

Кәсіподақтар оқыту семинарлары арқылы медицина қызметкерлерін қолдауды күшейтуде

Толығырық
Автор: Антон Кухарчук
Категория: Оқыту
Жарияланды: «17 «наурыз» 2026»
Көру саны: 147
  • Путь до галереи: news/17-03-2026/04

2026 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласында және 3 наурыз күні Сарыағаш қаласында медицина қызметкерлеріне арналған мазмұнды семинарлар өтті. Аталған іс-шаралар денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағы мен салалық «QazMed» кәсіподағының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылды. Семинарларға Түркістан облысының медициналық ұйымдарының басшылары, заңгер, экономист пен кәсіподақ белсенділері қатысып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау саласындағы экономикалық өзгерістерді түсіндіру және әлеуметтік-медициналық кепілдіктер жөніндегі ақпараттарды кеңінен жеткізу болды. Семинарлар кәсіби пікір алмасу алаңына айналып, медицина саласының бүгінгі даму бағыттары мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырылуына бастамашы болған «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Сакен Арыстанұлы мұндай кездесулердің маңыздылығына ерекше тоқталып, кәсіподақтың негізгі міндеті – медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың кәсіби қызметіне қолайлы жағдай қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, салалық кәсіподақтардың бірлескен жұмысы медицина саласындағы еңбек қатынастарын жетілдіруге және әлеуметтік серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Семинардың негізгі спикері ретінде медицина саласында 16 жылдық тәжірибесі бар денсаулық сақтау экономисі Забирова Эльмира Айдарқызы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру тетіктері, еңбек ақы төлеу жүйесі және медицина ұйымдарының экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылар еңбек ақы төлеудің құқықтық және нормативтік негіздерін егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, Бюджет және Салық кодекстері, «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заң талаптары қарастырылып, жұмыс уақытының ұзақтығы, ең төменгі жалақы мөлшері және жыл сайынғы негізгі ақылы демалысқа қатысты нормалар түсіндірілді.

Сонымен қатар «QazMed» кәсіподағының менеджері Эрсалды Оразалинова 2026–2028 жылдарға арналған Салалық келісімді қабылдау барысында кәсіподақтың атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Ол басқа салалық кәсіподақтармен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде «QazMed» ұсынған бірқатар ұсыныстардың келісімге енгізілгенін атап өтті. Баяндама барысында әлеуметтік серіктестікті дамыту, жастармен жұмыс, еңбек қатынастарын жетілдіру, еңбек ақы төлеу қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау, еңбек даулары мен ереуілдердің алдын алу және заңнаманың сақталуын бақылау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Семинарлар медицина қызметкерлеріне тек нормативтік-құқықтық құжаттармен танысуға ғана емес, сонымен қатар еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс жағдайларын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында «DENSAULYQ» кәсіподағының төрағасы Сакен Арыстанұлы мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын атап өтті. Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің кәсіби мүдделерін қорғау мен әлеуметтік қолдау көрсету кәсіподақ қызметінің басты бағыты болып қала береді. Семинарлар медицина қауымдастығы үшін маңызды тәжірибе алмасу алаңына айналып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.

https://www.facebook.com/reel/1637579180926303

«QazMed» салалық кәсіподағы кәсіподақ мүшелеріне арналған онлайн форматтағы оқыту семинарын өткізді

Толығырық
Автор: Антон Кухарчук
Категория: Оқыту
Жарияланды: «09 Ақпан 2026»
Көру саны: 159
  • Путь до галереи: news/09-02-2026/02

2026 жылғы 4 ақпанда «QazMed» салалық кәсіподағы Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола және Жамбыл облыстарынан қатысқан медицина ұйымдары қызметкерлері — кәсіподақ мүшелері үшін оқыту онлайн форматындағы семинар өткізді. Кездесудің тақырыбы «Келісу комиссиясы туралы» болды.

Семинардың спикері «QazMed» РҚБ заңгері Алмат Аида Орекенқызы болды. Оқыту барысында қатысушыларға еңбек дауларын сотқа дейін реттеудегі келісу комиссиясының маңызы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі мен негізгі алгоритмдері жан-жақты түсіндірілді.

Семинар соңында Аида Алмат тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлық қатысушыларға кәсіби қызметінде практикалық қолдануға арналған үлестірме материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, алдағы оқыту іс-шараларының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.

«QazMed» Жамбыл облысының медицина қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар өткізді

Толығырық
Автор: Игорь Хисматулин
Категория: Оқыту
Жарияланды: «19 Қыркүйек 2025»
Көру саны: 285
  • Путь до галереи: /news/19-09-2025/5

9 қыркүйекте Жамбыл облысында Меркі көпсалалы орталық аудандық ауруханасында «Бүгінгі денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті құқықтық мәселелер» тақырыбында екі күндік оқыту семинарының бірінші күні өтті. Іс-шараны «QazMed» салалық кәсіподағы Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары мен Т.Рысқұлов атындағы ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек ететін медициналық қызметкерлер - кәсіподақ мүшелері үшін ұйымдастырды.

Іс шараны "QazMed" Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Оразқұлұлы Махашов ашты. Ол қарастырылатын тақырыптардың өзектілігіне тоқталып, тыңдаушылар мен лектордың белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ семинарды пікір алмасу алаңы ретінде пайдалануға шақырды.

Семинардың практикалық бөлімін медицина құқығының маманы, магистр Талғат Бауржанұлы Жумагазин жүргізді. Ол өз сөзінде медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалу тетіктерін, кәсіби даулар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін, соның ішінде пациенттер мен олардың туыстарымен қатынастарға байланысты мәселелерді, сондай-ақ қадағалаушы органдармен және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Бұдан бөлек, қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, кәсіби міндеттерді орындау, медициналық құжаттарды жүргізу және даулар кезінде мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар алды.

Қатысушылардың пікірінше, семинардың басты артықшылықтарының бірі – материалдың қарапайым әрі қолжетімді түрде жеткізілуі болды.

Жамбыл облысында «QazMed» салалық кәсіподағы мүшелеріне арналған оқыту семинарының екінші күні өтті

Толығырық
Автор: Игорь Хисматулин
Категория: Оқыту
Жарияланды: «19 Қыркүйек 2025»
Көру саны: 272
  • Путь до галереи: /news/19-09-2025/4

10 қыркүйек күні Тараз қаласында, облыстық инфекциялық ауруханасында «QazMed» салалық кәсіподақ мүшелеріне арналған оқыту семинарының екінші күні өтті. Жиынға облыс орталығының медицина қызметкерлерімен қатар Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас және Сарысу аудандарынан келген мамандар қатысты. Залда жұмыс атмосферасы сезілгенімен, қатысушылардың қызығушылығы айқын байқалды: олар мұнда формалды түрде емес, өздерін және өз мамандығын қалай қорғау керектігін жан-жақты түсіну үшін жиналды.

Кездесудің модераторы – «QazMed» салалық кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Махашов. Ол сөз басында:

— Бүгінгі күні кәсіподақ тек қана қорғаушы емес, ұстаз да болуы тиіс. Біз мәселенің туындауын күтпей, алдын алып, медицина қызметкерлерін біліммен қаруландыруға міндеттіміз, — деп атап өтті.

Семинар жұмысына сондай-ақ «QazMed» кәсіподағының заңгері Алмат Аида Өрекенқызы қатысты.

Практикалық бөлімді медицина құқығының эксперті, магистр Талғат Бауржанұлы Жұмағазин жүргізді. Оның баяндамасы құрғақ дәрістен гөрі нақты әрекет нұсқаулығына ұқсап шықты. Науқаспен туындаған жанжал кезінде қалай әрекет ету керек? Жұмыс беруші құқықты бұзса не істеу қажет? Бақылаушы органдармен сауатты қарым-қатынасты қалай орнатуға болады? Барлық сұрақтарға айқын әрі түсінікті жауап беріліп, нақты тәжірибеден алынған мысалдар материалдың құндылығын арттыра түсті.

Ең бастысы – алдын алуға баса назар аударылды. Заңдарды білу мен жұмыс алгоритмдерін меңгеру даулы жағдайлар мен стресстердің алдын алады. Бұл қазір ерекше маңызды, себебі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме артып, медицина қызметкерлеріне қойылатын талап жоғарылап келеді. Қорғалған маман – сабырлы маман. Ал сабырлы маман – пациентке сапалы медициналық көмек көрсетудің кепілі.

  1. «QazMed» салалық кәсіподағы мен «SENIM» жергілікті кәсіподағы Ақмола облысының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді
  2. Кері Байланыс
  3. «QazMed» медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейтуде: Таразда облыстық бас дәрігерлерге арналған маңызды семинар өтті
  4. «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағы медицина қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыруда

1 ішінен 3 беті

  • 1
  • 2
  • 3
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Мақсаттар мен миссиялар
    • Біздің тарихымыз
    • QazMed РОО жарғысы
    • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
    • Басқару органдары
    • Тексеру комиссиясы туралы ереже
    • Бастауыш ұйым туралы ереже
    • Басшылық
    • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Құқықтық ақпарат
    • Қазақстан Республикасының Конституциясы
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
    • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау кодексі
    • «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
    • Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары
    • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы
    • Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңы
    • ҚР ӘҚБтК 80-1-бабы: дәрігерге жұмыс істеуге кедергі келтірме!
    • Қорлау – қалыпты жағдай емес!
  • Қосылу
  • БАҚ
    • Жаңалықтар
    • Баспасөз хабарламалары
    • Сөйлеген сөздер
    • Біз туралы БАҚ
    • Фотогалерея
  • Құрылым
    • «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі
    • Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы
    • «СЕНІМ» жергілікті кәсіподақ» ҚБ
    • «Almaty-QM» Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ
    • «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ
    • «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
    • «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
  • Байланыстар
Біз әлеуметтік желілерде:
qazmedkz
qazmed.kz
qazmed_kz
Астана қаласы, Республика даңғылы, 33, 7-қабат, 710, 711 кабинеттер
Алматы, көш. Желтоқсан 37, 303 кабинет

© «ҚазМед» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ,2026

Әзірлеуші
web-studio
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге жазсаңыз болады, біздің қызметкерлер мүмкіндігінше тезірек жауап береді.

Задать вопрос

Please complete all required fields!

Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод

Вступайте в профсоюз!

Please complete all required fields!

Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод
Неверный ввод