Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жетісу облысындағы Ұлттық сараптама орталығында Балаларды қорғау күні аталып өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «QazMed» РҚБ Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы мекеме қызметкерлерінің кішкентай бүлдіршіндеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, тәтті сыйлықтар мен естелік тартулар табысталды. Ұйымдастырушылар бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.

Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың аман-есен өсіп, сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті. Осындай игі шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оларға деген қамқорлық пен мейірімділіктің жарқын үлгісін көрсетеді.

Мереке барысында кішкентай қонақтар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, ерекше әсер алып қайтты.