Жуырда «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Ақмола облыстық жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Какенов облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жанындағы бастапқы кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесті.
Сапар барысында еңбек жағдайларының қазіргі күйі бағаланды. Мекеме бейімделмеген ғимаратта орналасқан. Басшылық ұжымның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күш салып жатыр, дегенмен қосымша талқылауды қажет ететін мәселелер де бар.
Диспетчерлік қызметпен тиімді кездесу өтті. Онда жұмыс беруші өкілдерінің және Ақмола облыстық кәсіподақ орталығының заң кеңесшісі Байтлеу С.К. қатысуымен өзекті мәселелер қаралып, оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды. Алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
«QazMed» салалық кәсіподағы "SENIM" жергілікті кәсіподағы мен оның төрағасы Серік Қабдушұлының медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы бастамаларын қолдайды. Біз әріптестерімізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.