Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Жеңістің 80 жылдығы: Ақтөбелік тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының «QazMed» бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері кәсіподақ ұйымдастырушысының жетекшілігімен соғыс жылдарындағы ерен еңбектері үшін тыл ардагерлеріне шынайы құрмет пен алғыстарын білдіру мақсатында арнайы барып қайтты. Ардагерлерге облыс әкімдігі тарапынан табысталған Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, кәсіподақ атынан құрмет пен ризашылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар берілді.