Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Тағы бір жақсы жаңалық: Тараз қаласы көпсалалы ауруханасының ұжымы «QazMed» салалық кәсіподағына қосылды

Жамбыл облысындағы тағы бір медициналық мекеменің ұжымы – «Қалалық көпсалалы аурухана және консультативтік-диагностикалық орталық» ШЖҚ МКК «QazMed» салалық кәсіподағының құрамына енді. Бұл – Тараз қаласы мен өңір тұрғындарына кең көлемде диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсететін, облыстағы ең ірі медициналық ұйымдардың бірі.

Аурухана мен орталықта жоғары білікті дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олар күн сайын күрделі міндеттерді шешіп, пациенттерге уақытылы әрі сапалы көмек көрсету үшін бар күшін салады. Заманауи жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу – дәл диагностика жасап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

2024 жылы мекеме жоғары санат бойынша аккредитациядан сәтті өтіп, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын жоғары стандарттарға сай келетінін дәлелдеді. Бұл – жүйелі жұмыстың және кәсіби дамуға деген ұмтылыстың нәтижесі.

«QazMed» кәсіподағына қосылу — еңбек құқықтарын қорғау, ашық кәсіби диалог орнату және жұмыс жағдайын жақсартуға, саланы дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ұжымды маңызды қадамымен құттықтаймыз!