15 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Әріптестерге арналған бұл шараны «QazMed» салалық кәсіподағының бастауыш ұйымы ұйымдастырды.
Мерекенің құрметті қонақтары – ұзақ жылдар бойы өз мамандығына адал қызмет еткен ардагерлер болды. Оларға жылы лебіздер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды. Кештің мерейін айшықтай түскен дастархан мен Ақан сері атындағы филармония әртістерінің концерті шараға ерекше сән берді.
Осындай кездесулер бірнеше буын мамандарын тоғыстырып, олардың еңбегінің қоғам денсаулығы мен амандығы үшін маңыздылығын айқындайтын игі дәстүрге айналуда.