Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» Жамбыл облысының медицина қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар өткізді

9 қыркүйекте Жамбыл облысында Меркі көпсалалы орталық аудандық ауруханасында «Бүгінгі денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті құқықтық мәселелер» тақырыбында екі күндік оқыту семинарының бірінші күні өтті. Іс-шараны «QazMed» салалық кәсіподағы Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары мен Т.Рысқұлов атындағы ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек ететін медициналық қызметкерлер - кәсіподақ мүшелері үшін ұйымдастырды.

Іс шараны "QazMed" Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Оразқұлұлы Махашов ашты. Ол қарастырылатын тақырыптардың өзектілігіне тоқталып, тыңдаушылар мен лектордың белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ семинарды пікір алмасу алаңы ретінде пайдалануға шақырды.

Семинардың практикалық бөлімін медицина құқығының маманы, магистр Талғат Бауржанұлы Жумагазин жүргізді. Ол өз сөзінде медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалу тетіктерін, кәсіби даулар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін, соның ішінде пациенттер мен олардың туыстарымен қатынастарға байланысты мәселелерді, сондай-ақ қадағалаушы органдармен және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Бұдан бөлек, қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, кәсіби міндеттерді орындау, медициналық құжаттарды жүргізу және даулар кезінде мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар алды.

Қатысушылардың пікірінше, семинардың басты артықшылықтарының бірі – материалдың қарапайым әрі қолжетімді түрде жеткізілуі болды.