Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы әріптестерін кәсіподақ ұйымының құрылуына 10 жыл толуымен құттықтайды.

Құрметті әріптестер!

Салалық кәсіподақ ұйымымыздың тіркелгеніне 10 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы оқиға – еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделген кәсіподақ қозғалысының тұрақтылығын, ұйымшылдығы мен белсенді ұстанымын айқын көрсетеді. Осы жылдар ішінде біз бірге көптеген қалыптасу мен даму кезеңдерінен өттік, бірлігімізді және өзара көмегімізді нығайттық.

Кәсіподақ белсенділерінің барлығына мықты денсаулық, бақыт, бейбіт өмір, тұрақтылық, амандық-саулық пен кәсіби әрі қоғамдық қызметтеріңізде жаңа табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен және ортақ іске қосқан еңбегіңіз бен үлесіңіз үшін алғыс білдіре отырып,

Алиакпар Матишев