Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Астана қаласындағы инфекциялық орталық ұжымымен жүздесті

14 мамырда «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Алиақпар Болатұлы Матишев Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Алиакпар Болатұлы «QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметімен таныстырып, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы, сондай-ақ кәсіподақ аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар жөнінде баяндады.

Ол «QazMed» кәсіподағының мүшелерінеқұқықтық көмек көрсету мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіподақ пен жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар арасындағы әлеуметтік әріптестіктің рөліне ерекше назар аударылды.