Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» салалық кәсіподағының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы: 2026 жылдың I жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары шығарылды

2026 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің базасында «QazMed» салалық кәсіподағы Атқарушы комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында қатысушылар «QazMed» кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдарының, сондай-ақ медицина саласымен сабақтас кәсіп өкілдерінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын талқылады. Аралық нәтижелер сараланып, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ кәсіподақ бастамаларының жергілікті деңгейде іске асырылу тиімділігі қаралды.

Отырыста кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамыту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайту, кәсіподақ мүшелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және күнделікті жұмысқа заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен сабақтас кәсіп өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған нақты міндеттер белгіленді.

«QazMed» сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін шешудегі кәсіподақтың рөлін арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

 

https://www.facebook.com/reel/1037397075641585