Құрметті медицина қызметкерлері, ардақты денсаулық сақтау саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«QazMed» салалық кәсіподағы және жеке өз атымнан сіздерге халық игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен жүректен шыққан қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Науқастарға деген мейірім мен ықыластарыңыз — сенім мен үміттің қайнар көзі.
«QazMed» кәсіподағы әрдайым сіздермен бірге — тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де. Біз сіздердің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауға, қолдауға және еңбек жағдайларын жақсартуға әрдайым дайынбыз.
Сіздердің мамандықтарыңызға деген қоғамның құрметі арта берсін, ал әр күніңіз өз ісіңізден алған риясыз қуаныш пен мақтанышқа толы болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
АлиакпарМатишев
«QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы
«QazMed» салалық кәсіподағы төрағасының Медицина қызметкері күнімен құттықтауы
