Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының назарына!
«QazMed» кәсіподағы кәсіподақ жарналарын әділ бөлу мен олардың бастауыш ұйымдардың толыққанды және тиімді жұмысына әсерін ескере отырып, жаңадан құрылып жатқан және «QazMed» құрамына өтетін кәсіподақ ұйымдары үшін «пилоттық жоба» енгізді. Бұл жоба аясында жарналардың 90%-ы бастапқы ұйымның өзінде қалады, ал 10%-ы ғана жоғары тұрған кәсіподаққа аударылады.
Мұндай шешімнің өзектілігі – кәсіподақ жарналары әрбір мүшенің игілігіне жұмсалуы және олардың шығындалу жолдары ашық, айқын болуы тиіс.
Кәсіподақұйым жетекшілерінің, хатшылар мен қазынашылардың алатын сыйақы көлемі мен қажеттілігі жалпы жиналыста талқыланып, жария түрде бекітілуі қажет. Бұл мәліметтер, басқа да кәсіподақ қаражатының шығындары секілді, жасырын болмауы тиіс.
Кәсіподақ жарналары барлық мүшелердің ортақ меншігі болғандықтан, олардың бөліну тәртібін жоғары тұрған кәсіподақ емес, ұжымның өзі шешуі тиіс.
Сол себепті, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру, беделі мен мәртебесін көтеру мақсатында жарналардың 90%-ын ұжымда қалдыру қағидатын енгізудеміз.
«QazMed» кәсіподағының серіктестікке негізделген тиімді шарттарына қосылуға және ұжым қаражатын үнемдеуге шақырамыз!