Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» лайықты еңбек пен тұрақты даму мәселелеріне арналған XEҰ семинарына қатысты

8 шілде күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Еуропа және Орталық Азия елдері секторын басқарушы өкілі Сергеюс Гловацкастың қатысуымен семинар өтті.

Іс-шараға Кәсіподақ Федерациясының құрамына кіретін салалық кәсіподақтары өкілдері, оның ішінде «QazMed» кәсіподағы да қатысты. Семинардың модераторы – ҚРКФ төрағасының орынбасары Гульнара Жумагельдиева болды.

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық Еңбек Ұйымымен (ХЕҰ) тығыз ынтымақтастық орнатып, еңбеккерлердің құқықтарын қорғауға, қауіпсіз еңбек жағдайларын дамытуға және әлеуметтік диалогты ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асырып келеді. Сәтті жобалардың қатарында – Лайықты еңбек бағдарламасына қатысу, кәсіподақ көшбасшыларына арналған жазғы мектеп және ХЕҰ-ның Еңбеккерлер істері жөніндегі бюросымен (ACTRAV) серіктестікте жүзеге асырылатын өңірлік бағдарламалар бар.

Семинар қазіргі замандағы сын-қатерлер мен перспективаларды талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды. Талқылау тақырыптары: жаһандық климаттық өзгерістер, «жасыл» экономикаға әділетті көшу мәселелері және ХЕҰ-ның 113-сессиясының қорытындылары. Қатысушылар жаһандық өзгерістер жағдайында кәсіподақтардың тұрақты даму мен лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, кәсіподақтардың жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы, кәсіподақ қозғалысы құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды.

«QazMed» кәсіподағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің мүдделерін барлық деңгейде сенімді түрде білдіріп, еңбек құқықтарын қорғауға және тұрақты даму мәселелері бойынша диалогтарға жүйелі түрде қатысып келеді.