2025 жылғы 24 маусымда «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК кәсіподақ ұйымы мүшелерінің конференциясы форматында ашық кәсіподақ жиналысы өтті.
Күн тәртібінде ұжым ішіндегі кәсіподақ қозғалысының одан әрі даму бағытын айқындау мәселесі қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен маңызды шешім қабылданды: Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы Жамбыл облысы бойынша «QazMed» РҚБ филиалының құрамына ресми түрде енді.
Аталған шешім медицина қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауда жаңа мүмкіндіктер ашады, ұжымдық келіссөздер жүргізу аясын кеңейтеді және кәсіподақтың аймақтық әрі республикалық деңгейдегі ұстанымын нығайтады.
«QazMed» салалық кәсіподағына қосылу – бірлікке, сенімге және кәсіби ынтымаққа жасалған қадам!