Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Мереке – табиғат аясында, ұжым – бірлікте!

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлытау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымы күнделікті жұмыстан бір сәтке алыстап, табиғат аясында кәсіби мерекені ерекше форматта атап өтті.

Іс-шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы — "QazMed" бастауыш кәсіподақ ұйымы. Кәсіподақ барлық шығындарды өз ресурстары есебінен қаржыландырып, ұжым үшін көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас демалыс сыйлады. Бұл — нағыз қолдаудың жарқын көрінісі.

Демалыс барысында ойындар ойналып, жылы тілектер айтылып, бірлік пен достықтың шынайы рухы сезілді. Осындай бейформалды кездесулер ұжымның ауызбіршілігін арттырып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақты бекемдей түседі.

Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін!

 

https://www.facebook.com/qazmed.kz/videos/3197174097104388/