Құрметті мейіргерлер!
Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбике күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«QazMed» салалық кәсіподағы атынан Сіздерге денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз, кәсіби шеберлік пен жан жылуын қатар ұштастыра отырып, науқастарға үміт пен өмір сыйлап жүргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз – нағыз жанқиярлық пен адалдықтың үлгісі.
Мейіргерлер – бұл ақ халатты абзал жандар ғана емес, сонымен қатар кез келген медициналық мекеменің тірегі, емделушілердің сенімі мен тыныштығы. Сіздердің мейірімдеріңіз, шыдамдылықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз әрбір адамға үміт сыйлайды.
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығы, еңбекте табыс және әр күніңізді қуанышқа бөлейтін шаттық тілейміз! Қашанда халықтың алғысына бөленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Ізгі ниетпен,
"QazMed" салалық кәсіподағының төрағасы Алиакпар Матишев