Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Медицина қызметкерлерінің өнері дәріптелген байқау

2026 жылғы 30 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Үздік орындаушысы» облыстық байқауы өтті.

Іс-шараны «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ, «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және өнерпаздарға қолдау көрсету.

Байқауға облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жанды дауыста орындап, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Қатысушылардың өнерін облыстық тілдерді дамыту, ішкі саясат және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, «Qamqor» кәсіподағы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

https://www.facebook.com/reel/1018783280764404