Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті

13 маусым күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және медицина ұжымдары арасындағы бірлікті нығайту.

Додаға 7 команда қатысып, спорттың 6 түрінен бақ сынасты: футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі.

Жалпы командалық есеп бойынша:

І орын — «Бәйтерек»

ІІ орын — «Достық»

ІІІ орын — «Ұлы дала»

Жеңімпаздар кубок, диплом, медаль және сертификаттармен марапатталды.

QazMed кәсіподағы барша қатысушыларды құттықтап, медицина қызметкерлеріне кәсіби табыс пен мықты денсаулық тілейді!

https://www.facebook.com/reel/1712322086679042