Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Кәсіподақ мүшелеріне арналған мәдени-танымдық демалыс

«ALMATY-QM» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы өз мүшелеріне мәдени-танымдық демалыс ұйымдастыру дәстүрін жалғастыруда.

Бұл жолы Алматы қаласындағы медициналық ұйымдардың 60 қызметкері – кәсіподақ мүшелері үшін Қазақстанның ең көрікті табиғи орындарының бірі саналатын Шарын шатқалына, Көлсай және Қайыңды көлдеріне танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Саяхатқа қатысушылар туған өлкенің қайталанбас табиғатының әсемдігіне тәнті болып, тынығып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді.

Мұндай іс-шаралар кәсіподақ тарапынан тұрақты түрде өткізіліп келеді. Саяхаттардың географиясы аталған бағыттармен шектелмей, жыл сайын кеңейіп, кәсіподақ мүшелеріне демалуға, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстанның көрікті жерлерімен танысуға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда.

«ALMATY-QM» кәсіподағы алдағы уақытта да кәсіподақтық бірлікті нығайтуға, қызметкерлерді қолдауға және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.