Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағы медицина қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыруда

2025 жылғы сәуір айында «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен медицина мекемелерінің қызметкерлеріне арналған маңызды оқыту шаралары өтті. Оқу бағдарламалары еңбек заңнамасының өзекті тақырыптарын қамтып, мамандардың құқықтық және кәсіби сауатын арттыруға бағытталды.

Іс-шараның ашылуында кәсіподақ төрағасы Сакен Арыстанұлы сөз алып, қатысушыларға, аталған оқытудың маңызына тоқталды:

«Еңбек ұжымында қауіпсіз орта қалыптастыру, еңбек дауларын дер кезінде шешу және заң аясында жұмыс жүргізу – бұл тек жұмыс берушінің емес, әр қызметкердің де жауапкершілігі. Сондықтан біз бүгінгі кездесуді тек оқу емес, тәжірибе мен пікір алмасудың алаңы ретінде де көріп отырмыз», – деді кәсіподақ төрағасы.

Оқу бағдарламасы екі бағытта өткізілді.

📌Бірінші – «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқытуға 34 қызметкер қатысты. Семинар барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалармен, өндірістік тәуекелдердің алдын алу жолдарымен және жұмыс орнындағы қорғану құралдарын дұрыс қолдану тәсілдерімен танысты.

📌Екінші бағыт – «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында өтті. Бұл оқыту аясында 136 медицина қызметкері еңбек қатынастары кезінде жиі туындайтын даулы жағдайлар, олардың құқықтық негіздері және келісу комиссиясының қызмет тәртібі жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Семинарлар интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, нақты жағдайлар талқыланды. Қатысушылар жұмыс барысында кездескен қиындықтармен бөлісіп, спикерлер мен сарапшылар тарапынан практикалық кеңестер алды. Сонымен қатар, әр мекемеде келісу комиссияларының дұрыс жұмыс істеуі үшін қандай құжаттар мен рәсімдер қажет екені нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Тыңдаушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер келесі оқыту бағдарламаларын жоспарлауда ескерілетін болады. Қатысушылар оқыту форматының қолжетімділігі мен мазмұнының нақтылығына оң бағасын беріп, мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұру қажеттігін жеткізді.

Іс-шараның қорытындысында қатысушылар еңбек қатынастарындағы құқықтық сауаттылықтың қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы сенімге негіз болатынын атап өтті. Мұндай оқыту тек жеке маманның дамуына ғана емес, бүкіл ұжымның ішкі мәдениетіне оң әсер ететіні айтылды.

🔰«DENSAULYQ» кәсіподағы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, медициналық ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен заң талаптарының орындалуын тұрақты түрде бақылауда ұстап, қызметкерлерге арналған білім беру іс-шараларын кезең-кезеңімен ұйымдастыруды көздеп отыр.