«Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 14 маусым күні «Royal Palace» мейрамханасында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға 230 қонақ шақырылды — «Qamqor» кәсіподағы құрамындағы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, әлеуметтік осал санаттағы медицина қызметкерлері және саланың ардагерлері.
Медицина қызметкерлері күні — өмірін адам денсаулығы мен өміріне қамқорлық жасауға арнаған жандарға деген алғыс пен құрметтің белгісі. Бұл — Гиппократ антына адал, өз ісінің шебері, ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі.
Салтанатты кешке қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтағандар:
-Ақтөбе облыстық мәслихатының төрайымы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева;
-Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев;
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Еділқызы Сарсенбаева;
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің директоры, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Раиса Салмағамбетқызы Күзденбаева;
- Медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәгидолла Елемесұлы Имамбаев.
Гүлкасима Рамазанқызы облыстық мәслихат атынан 16 Алғыс хатты және «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы атынан 14 Алғыс хатты денсаулық сақтау саласында мінсіз еңбек етіп жүрген, кәсіби біліктілігі жоғары, өңір медицинасының дамуына үлес қосқан азаматтарға табыстады.