Балаларды қорғау күніне орай Ақтөбеде облыстағы медицина қызметкерлерінің балалары үшін жарқын мереке ұйымдастырылды. Бұл игі шара «Qamqor» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен өтті.
Мерекенің басты мақсаты – балалардың құқықтарын, денсаулығын және амандығын қорғаудың маңыздылығын еске салу. Өйткені балалар – болашағымыздың негізі.
Мерекелік бағдарламаға 500-ге жуық бала қатысты. Театрландырылған қойылымдар, байқаулар, аквагрим, спорттық ойындар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Балалар шахмат, арқан тарту, секіртпемен секіру сынды жарыстарда бақ сынады. Барлық қатысушыларға ойыншықтар, кітаптар, сурет альбомдары, бояулар мен әуе шарлары табысталды. Сонымен қатар, кәсіподақ 500 балаға балмұздақ таратты.
Бұдан бөлек, «Qamqor» кәсіподағының демеушілік қолдауымен алғашқы кәсіподақ ұйымдары 1000 балаға «SKYPARK» ойын-сауық саябағына тегін кіру сертификаттарын тарту етті. Бұл мақсатқа 2,7 миллион теңге бөлінді.
Аталған мереке туралы ақпарат аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды — «РИКА» телеарнасы, «Ақтөбе» газеті және басқа да медиаресурстарда жарық көрді.