Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде

Ақтөбе облысында Медициналық қызметкерлер күніне орай Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ұлттық сараптама орталығы және Обаға қарсы станция қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекені ұйымдастыруға «QazMed» салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдары белсенді атсалысты.

Шара жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Кеш барысында ән шырқалып, би биленіп, өз кәсібінде ерекшеленген қызметкерлер Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.Оның ішінде "QazMed" салалық кәсіподағының төрағасы Алиақпар Матишевтің атынан болды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетілді.

Мереке кең дастархан басындағы достық кешпен жалғасты. Кештің көңіл-күйін кәсіби асаба қыздырып, қонақтар үшін түрлі ойындар мен сыйлықтар ұйымдастырылды.

Кәсіподақ бұл күнді медицина қызметкерлері үшін шынымен де ерекше, көңілге қуаныш пен құрмет сыйлаған мейрам ету үшін барын салды. Жақсы ойластырылған ұйымдастыру, шынайы жанашырлық пен жылы шырай әр қатысушының өздерін үлкен әрі тату кәсіби отбасының бір мүшесі ретінде сезінуіне себеп болды.

 

https://www.facebook.com/qazmed.kz/videos/1043152947791941