Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақмола облысында ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыс пен құрмет күні

Ақмола облысындағы медицина мекемелерінде мереке күндері ерекше мазмұнға ие болды — мұнда күн сайын адам өмірі мен саулығы үшін күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты жандар құрметке бөленді.

 “SENIM” жергілікті кәсіподағының бастауыш ұйымдарының бастамасымен өңір бойынша Медицина қызметкері күніне арналған әсерлі де мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күн — алғыс пен ризашылықтың шынайы сәтіне айналды. Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жылы лебіздер айтылып, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар  табысталды.Ең бастысы — бұл мамандықтың адамгершілікке, жауапкершілікке және адалдыққа негізделгендігіне деген шынайы мақтаныш сезімі анық байқалды.

Акт залдары алғыс алаңына айналды: қол шапалақ, жарық эмоциялар, шын жүректен шыққан тілектер мен шексіз құрмет мерекелік көңіл күйді еселей түсті.

 "QazMed" салалық кәсіподағы барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Қиындығы мол, бірақ аса маңызды еңбектеріңіз үшін терең алғыс білдіреді. Әр күніңіз сеніммен, қолдаумен және ел алғысымен өрілсін!