Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының «QazMed» бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушысы мен белсенділері биыл 98 жасқа толған санитарлық қызмет ардагерлеріне айрықша құрметпен барып қайтты.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай құрметті ардагерлерге мерейтойлық медальдар салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбектері үшін кәсіподақ атынан ризашылық ретінде естелік сыйлықтар ұсынылды.